12.08.2021, 19:17 9832

Оқушылар қалауы бойынша қашықтықтан оқыту режимін таңдай алмайды

АЛМАТЫ. 12 ТАМЫЗ - 1 қыркүйектен бастап Қазақстан оқушылары партаға оралады. Онлайн оқытуды денсаулыққа қауіп төндіретін оқушылар, сондай-ақ Сovid-19 науқастарымен байланыста болған балалар ғана жалғастыра алады. Бұл туралы бүгін брифингте Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында оқушылардың көптеген ата-аналары балаларының онлайн режимінде оқуын жалғастыра ала ма деген сұрақ мазалайды.
 

Бүгінгі таңда тек ауру қаупі бар балалар, ата-аналары коронавируспен ауыратын балалар және байланыста болған балалар онлайн оқытылады. Қалған барлық балалар үшін офлайн оқыту ұйымдастырылады", - деді Жылқыбаева.

 
Ол алдын алу шаралары ретінде бүгінгі таңда мектептерде барлық санитарлық нормалар сақталатынын, балаларға арналған дезинфекциялық құралдар, антисептиктер, маскалар сатып алынғанын атап өтті.
 

Егер сыныпта коронавируспен ауыратындар болса, онда сынып онлайн оқытуға кетеді", - деді басқарма басшысы.

 
Ол сонымен қатар мектептерде Ashyq қолдану туралы сұрақтарға жауап берді.
 

Ashyq - балалар үшін емес, мектеп қызметкерлері мен мектепке барғысы келетін ата-аналар үшін. Балалар үшін Ashyq жұмыс істемейді, олар бұрынғыдай кіреді. Мұндай эпиджағдай жүріп жатқан кезде бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Бірақ қандай да бір себептермен ата-ана мектепке немесе сыныпқа барғысы келсе, ол Ashyq-пен кіруі керек", - деп түсіндірді Ләззат Жылқыбаева.

 
Сонымен қатар, ол білім басқармасы мектептерге оқушылардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәліметтерді жинауға талап қоймағанын айтты.
 
Білім басқармасының басшысы мектептерде белсенді дайындық жүріп жатқанын, денсаулығына байланысты емделіп жүргендерді қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің 100% екпе алғанын атап өтті. 
 
Әр сыныпқа жеке кабинет бекітілген. Сонымен қатар, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының мектепке бөлек (балалар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мектепке әр түрлі кіреберістен жіберіледі) кіруі қарастырылған, ғимараттың ішінде балалар фойе мен дәліздерде белгілері көрсетілген блоктар бойынша орналастырылады.
 
Сонадй-ақ, мектептерде температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету, кварц, тазалау, ішу режим, есік тұтқаларын антисептикпен өңдеу, дәретхананы дымқыл тазалау әр 2-3 сағат сайын жүргізіледі.
 

Биыл Білім күні мектеп аумағында линейка форматында ашық аспан астында барлық мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған Әліппе/Букварь тапсыруымен өтеді. 2-11 сынып оқушылары үшін бекітілген аудиторияларда сынып сағаты өтеді", - деп нақтылады Л. Жылқыбаева. 

 
Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында Kazakhstan Today агенттігі сауалнама жүргізді. Қатысушылардың көпшілігі қашықтықтан оқыту немесе онлайн және офлайн оқыту арасында таңдау жасау туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны