18.02.2019, 20:08 17255

Ақтөбе облысында 4 жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатылды

Оның айтуынша, аймақта 87 жеке сот орындаушысы тіркелсе, олардың 18-і облыс аудандарында және 69-ы Ақтөбе қаласында тіркелген.

Ақтөбе. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 4 жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы әділет департаментінің басшысы Бекболат Колумбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, аймақта 87 жеке сот орындаушысы тіркелсе, олардың 18-і облыс аудандарында және 69-ы Ақтөбе қаласында тіркелген.

2018 жылы а жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөліміне Ақтөбеліктер тарапынан 713 өтініш пен шағым түскен.

"67 өтініш бойынша материалдар тоқтатылды және қараусыз қалдырылды, 88 шағым толық расталды, 179 шағым бойынша жазбаша түсініктемелер берілді. Қалған арыз берушілердің 379-ның дәлелдері расталмаған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде жеке сот орындаушыларының қызметіне 34 жоспарлы және 472 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 4 жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатылды, сот шешімімен 1 жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатылды. Сондай-ақ, орындаушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына анықтамалар жолданды", - деді спикер.

Жеке сот орындаушылардың орындауында 111 млрд теңге соманың 131 мың құжаты болды, 43 млрд теңге сомаға 72 мыңнан астам өндіріс аяқталды, 31 млрд теңге сомаға 27 мыңнан астам өндіріс қайтарылды.

Жалпы, былтыр департамент пен оның құрылымдық бөлімшелері 51 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысандарын тіркеді, 1680 заңды тұлға, оның ішінде 1242 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді.

Облыстың жеке нотариустары 4,3 млн нотариалдық іс-әрекет жасады. Мемлекеттік кепілдендірілген көмек аясында заңгерлер тарапынан 7 мың ақтөбелікке 70 млн теңгеге тегін қызмет көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны