07.04.2019, 15:27 15000

Ақтауда "WorldSkills Kazakhstan" кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі басталды

WorldSkills International кәсіптік шеберліктің халықаралық чемпионаты екі жылда 1 рет өткізіледі, 2015 жылы Бразилияның Сан-Пауло қаласында, 2017 жылы БАӘ, Абу-Даби қаласында өткен болса, 2019 жылы Россияның Казань қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан кәсіптік-техникалық мамандықтың деңгейін арттыру ісінде бұл жобаға 2015 жылы тұңғыш рет қатысты.

Ақтау. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтауда "WorldSkills Kazakhstan" кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі басталды.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

"World skills - жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жобаның мақсаты - жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру. Жоба 1946 жылдан бері әлемнің 78 мемлекетінде өткізіліп келеді. 2014 жылы Қазақстанның WorldSkills International халықаралық қозғалысына енуіне байланысты, дүниежүзі елдері мойындаған аталмыш бірлескен жобаны "Кәсіпқор" Холдинг" АҚ Басқармасы төртінші жыл Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр",- деді кәсіби шеберлікті дамыту және WorldSkills қозғалысы басқармасының басшысы Әтіргүл Есдәулетова.

WorldSkills International кәсіптік шеберліктің халықаралық чемпионаты екі жылда 1 рет өткізіледі, 2015 жылы Бразилияның Сан-Пауло қаласында, 2017 жылы БАӘ, Абу-Даби қаласында өткен болса, 2019 жылы Россияның Казань қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан кәсіптік-техникалық мамандықтың деңгейін арттыру ісінде бұл жобаға 2015 жылы тұңғыш рет қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру осы жоба шеңберінде жоспарланған.

2016 жылы Астана қаласында өткізілген шараға 14 аймақтан және Астана мен Алматы қалаларынан 136 қатысушы, 15 құзыреттілік бойынша, 2017 жылы 300-дей қатысушы, 30 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберлігімен бәсекеге түссе, 2018 жылы 14 аймақ 3 қаладан 30 құзыреттілік бойынша 350-дей жастар кәсіби шеберлік сынына түсті.

"WorldSkills" жобасы 18-22 жас аралығындағы жастарды қамтып, еліміздің әр аймағында жүргізіліп келеді. Ал қатысушыларды "Кәсіпқор" Холдинг" АҚ Басқармасы іріктеуден өткізіп, алдын-ала дайындайды. Бүгінде білім беру ұйымдарында және мекемелерде жарыстар аяқталып, қорытындысы бойынша жеңімпаздар жұмысшы мамандығының "WorldSkills Kazakhstan"кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңіне қатысып, жеңімпаз атанған І орын иегері "WorldSkills Kazakhstan" кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатына жолдама алып, Астана қаласында өз шешімін таппақ. Елімізде кәсіптік шеберліктің "WorldSkills Kazakhstan" республикалық чемпионатын өткізу 2019 жылғы қыркүйек айына, қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы Ресейде, Белоруссияда өтетін WorldSkills ашық чемпионаттары мен Будапешт, Венгрия қаласында өтетін EuroSkills чемпионатына қатысады деп жоспарланып отыр.

Озық отандық және халықаралық тәжірибеге сүйеніп, студенттерге кәсіби бағдар беру, кәсібіне икемдеу, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, қазіргі және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында WorldSkills қозғалысының құрамдас бөлігі негізінде "FutureSkills Аktau" чемпионаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 15-17 жас аралығындағы студенттер арасында 10 құзыреттілік бойынша өтеді.
1."Слесарлық іс 2."Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды дамыту";3."Ұлттық тағамдар";4. "Туризм";5."Аударма ісі";6."Сигналдау, орталықтандыру, блоктау және автоматика жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету";7."Дене шынықтыру және спорт";8."Бейне өндірісі";9."Ақпараттық кабельдік желілер";10. "Мектепке дейінгі тәрбие".Есту қабілеті бұзылған жастарға сапалы кәсіби білім мен жұмыспен қамтуға көмектесу.

Ерте кәсіби бағдарлау жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын, кереңдерді жұмысқа орналастырудың тиімді жүйесін құру мақсатында WorldSkills қозғалысының құрамдас бөлігі негізінде DeafSkills кәсіби шеберлік чемпионатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында "Киім үлгілеу" құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны