10.04.2020, 23:09 28176

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Абай және рухани мұра" атты халықаралық онлайн конференция өтті

Конференцияда Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятындағы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы және ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі, сонымен қатар абайтануды жаңаша ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұналбаеваның басшылығымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Абай және рухани мұра" атты халықаралық онлайн конференция өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.

Спикерлері: жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңестің мүшесі Ақбар Мәжіт (Қытай); жазушы, драматург және аудармашы Анатолий Ким (Ресей); тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан университетінің профессоры Абдуакап Кара (Түркия); тарих ғылымдарының докторы, Анкара Кажы Байрам Вели Университетінің профессоры Гүлжанат Құрманғалиева Ерджиласун (Түркия), филология ғылымдарының кандидаты, Сегед Университетінің профессоры Раушангүл Мұқышева (Мажарстан) және т.б.

Сондай - ақ шет елдердің белгілі ғалымдары, Қазақстанның абайтанушылары, әдебиеттанушылары, тарихшылары, журналистері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылары мен докторанттары, шетел және Қазақстан кітапханашылары қатысты.

"Кемеңгер ойшыл, ұлтымыздың ұлы тұлғасы, хакім Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани байлығы. Дана Абайдың "Қара сөздері" - ұлт санаcы мен ел мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылған философиялық шығармасы. Ол сонымен қатар өз шығармаларында ұлтымыздың тұрмыс тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын, ділі мен дінін түгел қамтыған", - деді Үмітхан Мұналбаева.

Конференцияда Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятындағы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы және ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі, сонымен қатар абайтануды жаңаша ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны