07.06.2013, 12:37 5284

Ибілязовтің әйеліне қатысты сот үкімі шықты

"Жалған құжат пайдаланған соң, қылмыстық іс қозғалды. Қателеспесем, оған бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ үкім шығарылды. Мәселе шешілді деген сөз", - деді Меркель.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Ибілязовтің әйелі Алма Шалабаеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

"Жалған құжат пайдаланған соң, қылмыстық іс қозғалды. Қателеспесем, оған бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ үкім шығарылды. Мәселе шешілді деген сөз", - деді Меркель.

Оның Айтуынша, Шалабаевадан қазір ешқайда шықпау туралы қолхат алынған, себебі оның қылмысы аса ауыр қылмыс түрлеріне жатпайды.

"Шалабаева жақын күндері сот шешімін орындауы керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны