18.06.2012, 16:42 7296

Адам капиталын дамыту бәсекеге қабілетті экономиканы қамтамасыз етеді

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау ең алдымен оқытуды сапалы деңгейге көтеріп, оның әлемдік стандарттарға жақындауына бағытталған. Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының негізгі 10 бағыты бойынша "Жол карталары" әзірленіп, нақты тетіктер іске асырылуда.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Адам капиталын дамыту бәсекеге қабілетті экономиканы қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау ең алдымен оқытуды сапалы деңгейге көтеріп, оның әлемдік стандарттарға жақындауына бағытталған. Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының негізгі 10 бағыты бойынша "Жол карталары" әзірленіп, нақты тетіктер іске асырылуда.

Қазіргі таңда Мемлекеттік бағдарламаны институционалдық қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Мысалы, білім саласындағы нормативтік - құқықтық база толығымен жаңартылды. Атап айтсақ, "Ғылым туралы", "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мен "Назарбаев қорының" мәртебесі туралы" жаңа заңдар қабылданған. "Білім беру туралы" Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде "Балапан" бағдарламасы табысты орындалуда. Мектеп алды білім беру ұйымдарының саны 3528-ге жетті (831 балабақша мен 2697 шағын орталық). Бұл қосымша 230 мың баланы мектепалды тәрбиемен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жанбасына қаржыландырудың енгізілуі мемлекеттік тапсырысты алу кезінде жекеменшік балабақшалардың дамуына ерекше серпін берді. Қазір елдегі жекеменшік балабақшалар саны 289 ұйымға артқан.

Бір жылдан бері ұстаздар еңбек өтіліне байланысты жалақыларына қосымша ақша алып отыр. Мысалы, жоғары санаттағы білімі бар ұстаз бен өндірістік білім беру шеберлері негізгі жалақасына қосымша 100 пайыз үстемақы, бірінші санаттағы білімі бар ұстаз 50 пайыз, екінші санаттағы білімі бар ұстаз 30 пайыз қосымша ақы алады.

Білім беру қызметтерінің сапасын бақылау мемлекеттік білім беру саясатының маңызды бағыты болып қалады. Елбасының тапсырмасы бойынша білім беру сапасын бақылайтын аймақтық құрылымдар құрылған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар басталды.

Қазақстанда "Ғылым туралы" Заңда бекітілген ғылымды басқарудың жаңа моделі енгізілді. Жаңа заң ғылым саласына жүйелі өзгерістер енгізді. Егер 2011 жылы 26,8 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы 48 млрд. теңгеден асты. Яғни, өсім 80%-ды құрап отыр.

Ғылым саласындағы негізгі мәселе өнеркәсіп пен жалпы экономика қажеттілігі үшін инновацияны дамыту болып табылады. Білім және ғылым министрлігі 200 жұмыстан тұратын Инновациялық жобалар тізбесін жасап шығарды.

Елбасы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында адам капиталының, соған сәйкесінше, ұлттық білім беру жүйесін сапалы түрде дамыту туралы жаңа міндеттер жүктеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны