16.03.2012, 13:34 4051

Адам капиталын дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының барысында Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты биылғы Жолдауымен жүктелген міндеттерге қатысты облыс активімен кездесу өткізді.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Адам капиталын дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының барысында Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты биылғы Жолдауымен жүктелген міндеттерге қатысты облыс активімен кездесу өткізді.

Облыс активімен болған кездесуде министр, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауымен жүктеліп отырған елімізді әлеуметтік және экономикалық жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыру мәселелеріне тоқталды.

"Президент әлеуметтік дамытудың қуатты бағдарламасын, әлеуметтік жобаларға, оның ішінде білім мен ғылымға қарастырылған қаражатты едәуір арттыруды ұсынып отыр. Бұл шаралар адам капиталын дамытуға және жалпы алғанда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған", - деді Бақытжан Жұмағұлов.

Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру аясында ағымдағы жылы Білім және ғылым министрлігі оқыту процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізуде жалғастыруда.

Министрдің айтуынша, елімізде өңірлердегі орталықтармен ықпалдастырылған Педагогтардың біліктіліктерін жетілдірудің ұлттық орталығы жұмыс істеуде, ал Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жанында Педагогикалық шеберлік орталықтары құрылуда. Ағымдағы жылы Педагогтардың біліктілігін растау жөніндегі тәуелсіз орталық құрылады. Бұл шаралардың барлығы еліміздегі педагогикалық білім беру стандарттарын жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Және өткен жылы еліміздің 44 білім ошағында ілкі режимде іске қосылған E-learning электрондық оқыту бағдарламасы жетілдірілмек. 2012 жылы бағдарлама 537 мектепте жұмыс істейтін болады.

Оған қоса, бес жылға арналған Мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимылдар жоспарын әзірлеу және қабылдау жоспарлануда. "Біз әдістемелерді қайта жасап, стандарттар мен білім мазмұнын заманға бейімдеуіміз, "білімділіктен" құзырлы көзқарасқа ауысуымыз керек",- деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов өз сөзінде.

Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі уақытта инновациялық жүйені нығайту және ғылымды мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар іске асырылуда.

"2011 жылы ғылыми зерттеулерге қарастырылған қаржының жалпы сомасы 28,8 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы 45 млрд. теңге бөлінеді. Және ғылымды қаржыландырудың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысандық түрлерін қамтыған жаңа жүйесі енгізілуде",- деп атап көрсетті Білім және ғылым министрі өз сөзінде.

Осылайша, қазақстандық ғалымдар үшін жаңа мүмкіндік ашатын және оң өзгертулерді қамтамасыз ететін нақты база құрылып отыр.

Білім беруді дамытудың ұзақмерзімдік перспективадағы тағы бір маңызды бағыты - Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін тұтас қазақстандық білім жүйесіне тарату болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны