26.03.2010, 13:58 3351

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2009 жылғы қызметі туралы есебін мемлекет басшысына таныстырды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2009 жылғы қызметі туралы есебін мемлекет басшысына таныстырды

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес 2009 жылғы қызметі туралы есебін мемлекет басшысына ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құжат мемлекеттік органдардың көптеген құқықтық қорғау мәселелері бойынша Уәкіл бұрын берген ұсыныстарын іске асыруының талдауын қамтиды.

Есепте бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің нәтижелері мазмұндалған, қоғамда үлкен пікірталас тудырған жекелеген мәселелер бойынша Омбудсменнің жұмысы көрсетілген, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жіберген тиісті хаттар қамтылады.

Есеп өтініш берушілердің хаттарында көтерілген мәселелерді сипаттаумен шектелмейді, сондай-ақ нақты салалардағы құқықтарды: балалар, әйелдер, мүгедектер, оралмандар, босқындар, еңбек мигранттары құқықтарын, сотта қорғалу, ар-ұждан және діни наным бостандығына, денсаулық сақтау құқықтарын, азаматтық алу, еңбек және тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз етумен байланысты ахуал туралы ақпаратты қамтиды.

Есепте азаматтардың хаттарымен жұмыс, сондай-ақ Уәкілдің, және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің қоғамдық және халықаралық шараларға қатысуы туралы статистикалық деректер келтірілген.

Есепті президент мақұлдап, мемлекеттік органдарға құжатты зерделеуді және онда көрсетілген адам құқықтарын бұзу фактілерін жою жөнінде тиісті шара қолдануды тапсырды. Құжат Уәкілдің веб-сайтына орналастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны