13.12.2012, 13:18 3023

Air Astana 2013-2017 жылдары жеке меншікке жеті Boeing-767 және Boeing-787 сатып алады

Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Astana жылдың соңына дейін жеке меншікке Embraer және Airbus төрт әуе кемесін сатып алады, деп хабарлады Астанада бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік "Самұрық-Қазына" қорының басқарушы директоры, әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Байдәулетов.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Air Astana 2013-2017 жылдары жеке меншікке жеті Boeing-767 және Boeing-787 сатып алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Astana жылдың соңына дейін жеке меншікке Embraer және Airbus төрт әуе кемесін сатып алады, деп хабарлады Астанада бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік "Самұрық-Қазына" қорының басқарушы директоры, әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Байдәулетов.

Сонымен қатар меншікке Boeing-767 төрт ұшағы мен Boeing-787 үш ұшағын сатып алуға тапсырыс берілді, деді ол.

Оның айтуынша, Boeing-767 2013-2014 жылдары, Boeing-787 - 2017 жылы әкелінбек.

Бұл ұшақтар алдымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша жаңа маршруттарды дамытуға пайдаланылмақ, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны