17.04.2018, 19:32 4514

Аягөзде компьютерлік томографы бар инсульттық орталық ашылады

Биыл Аягөзде Қазақстандағы алғашқы компьютерлік томографы бар аудандық инсульт орталығы ашылады. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтыӊ мәлімдеуінше, аудандық аурухана сондай-ақ, аймақтық перинатальды көмек көрсетудіӊ ІІІ дейгейіне өтпек. Ол үшін облыстық бюджеттен Аягөз ауданына 1 миллиардтан астам теӊге бөлінді.

Өскемен. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Биыл Аягөзде Қазақстандағы алғашқы компьютерлік томографы бар аудандық инсульт орталығы ашылады. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтыӊ мәлімдеуінше, аудандық аурухана сондай-ақ, аймақтық перинатальды көмек көрсетудіӊ ІІІ дейгейіне өтпек. Ол үшін облыстық бюджеттен Аягөз ауданына 1 миллиардтан астам теӊге бөлінді.

Нормативке сай, Шығыс Қазақстан тұрғындарына 5 инсульт орталығы қызмет етуі тиіс. Қазіргі таӊда Өскеменде ІІІ деӊгейлі 2 орталық және Семейде ІІ деӊгейлі 1 орталық бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Марат Шорановтыӊ айтуынша, аз уақытта Аягөз және Зырян аудандарыныӊ орталық ауруханалары негізінде тағы ІІ деӊгейлі 2 инсульт орталығы ашылады. Қажетті медициналық жабдықтарға жасалған талдау негізінде Аягөздегі инсульт орталығына 64 кесінді компьютерлік томограф, сонымен қатар, реанимациялық және оӊалту жабдықтары сатып алынады. Қажетті қаражат - 600 миллион теӊге. Аягөзде Үржар, Тарбағатай, Жармадан, ал Зырянда Күршім мен Катон-Қарағай аудандарыныӊ тұрғындары ем қабылдайтын болады.

Ауданға жасаған жұмыс сапарында ШҚО әкімі Даниал Ахметов инсульт орталығына арналған арнайы блок пен босандыру бөлімініӊ бүгінгі жай-күйімен танысты. Айта кету керек, алдағы уақытта орталық аурухана сондай-ақ, аймақтық перинатальді көмек көрсетудіӊ ІІІ дейгейіне өтеді.

- Бюджеттен медициналық құрал-жабдық алу үшін 440 миллионға жуық теӊге қарастырдық. Енді Аягөз және басқа жақын маӊда орналасқан аудандардағы ауыр және критикалық жағдайдағы науқастарды Семей не Өскеменге тасымалдамайды. Мұнда "ана мен сәби" бөлімі, сондай-ақ, "неонатальді блок" жұмыс істейді. Барлығы халықаралық стандартқа сай болады, - деді Даниал Ахметов.

440 миллион теӊгеге жаӊа туған сәби, оныӊ ішінде мерзімінен ерте дүниеге келгендердіӊ көзініӊ қарашығын толық зерттеуге мүмкіндік беретін RetCam торлы камера сияқты заманауи жабдықтар алынады. Сонымен қатар, жүктілік кезінде және босанудан кейінгі ана мен баланыӊ жағдайын бақылайтын фетальды монитор жеткізіледі.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны