23.06.2015, 16:15 3662

Ақмола гарнизоны бойынша ҚК мерзімді әскери қызметшілері әскери полиция сапында

Жаӊадан шақырылған сарбаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарын толықтыруды жалғастыруда. Жақында ғана Ақмола өӊірлік гарнизоныныӊ әскери полициясы жасағында салтанатты түрде "Көктем-2015" шақырылымы жас толықтыруыныӊ әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Жаӊадан шақырылған сарбаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарын толықтыруды жалғастыруда. Жақында ғана Ақмола өӊірлік гарнизоныныӊ әскери полициясы жасағында салтанатты түрде "Көктем-2015" шақырылымы жас толықтыруыныӊ әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отанымызды қорғайтын жаӊадан шақырылған 35 сарбаз өзініӊ отаны мен Президентіне адал болуға серт берді. Искери полиция жасағыныӊ сарбаздары Ақмола гарнизонындағы, сондай-ақ республикамыздағы әскери полиция органдарыныӊ бірден-бір мерзімді әскери қызметшілері. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жас жауынгер курсын өткеннен кейін жас сарбаздар саптық даярлықты, өзініӊ қаруын қолмен мықты ұстай білуге үйренді және әскери қызмет өткеру үшін қажетті бастапқы дағдыны шыӊдады.

Іс-шарада жасақтыӊ жедел ден қою бөлімі арнайы мақсаттағы топтыӊ өнер көрсетуі дәстүрге айналған. Олар әскери қызметшілер мен меймандарға қарусыз және қаруды қолдана отырып, қоян-қолтық ұрыстыӊ амалдарын көрсетті. Осы арнайы бөлімшеніӊ жауынгерлері қиындықсыз тақтайларды сындырады, жанып жатқан шифердіӊ арасымен өтіп, оларға суық және атыс қаруы қолданылған жағдайда жеӊіл қорғалады.

Туған-туысқандары мен жақындары үшін қысқа мерзім ішінде қарумен саптық даярлықтыӊ күрделі айла-тәсілдерін меӊгерген жаӊадан шақырылған сарбаздардыӊ көрсеткен өнері тосынсый болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны