23.11.2017, 18:11 5755

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері бойынша семинар өтті

Семинарда судья медиация тараптардыӊ ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардыӊ өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордыӊ жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі екенін атап өтті.

Көкшетау. 23 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотыныӊ судьясы Ләззат Свогузова "Татуластыру рәсімдерін дамыту" тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға "Медиацияны дамыту орталығы" Республикалық қоғамдық ұйымыныӊ өкілдері, кәсіпқой емес медиаторлар және прокурорлар қатысты.

Семинарда судья медиация тараптардыӊ ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардыӊ өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордыӊ жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі екенін атап өтті. Өткен кезен ішінде аудандық сотта 13 қылмыстық, 32 азаматтық және 17 әкімшілік іс медиация тәртібімен шешілді.

Семинарда қатысушылар кәсіби емес медиаторлар санын арттыру мәселелерін талқылап, тиісті ұсыныстар енгізді,- деп хабарлайды Ақмола облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны