02.09.2016, 10:13 2367

Ақмола облысында Білім күні 4 жаӊа мектеп ашылды

Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мыӊ оқушы мен 26,7 мыӊ студент білім алуда. Облыста 36,7 мыӊға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Білім күні 4 жаӊа мектеп ашылды. Жаӊа 910 орынды мектептіӊ ашылуына облыс әкімі қатысты,деп хабарлады облыс әкімдігі.

Щучье қаласында жаӊадан салынған мектептіӊ ашылуына қатысқан облыс ?кімі Сергей Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздіӊ тәуелсіздігініӊ арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады.

"Елбасыныӊ Н.Назарбаевтыӊ мемлекеттік саясатыныӊ арқасында елімізде білім беру саласына зор көӊіл бөлінуде. Тәуелсіздіктіӊ 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана "Балапан" бағдарламасыныӊ арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мыӊ бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді.

2005-2015 жылдар аралығында облыстағы білім беру мекемелерініӊ 686-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 11,7 миллиард теӊге көлемінде қаржы жұмсалған. Биылғы жылы жалпы құны 1,5 миллиард теӊгеге 15 білім ордасы жөндеуден өтті.

Соӊғы 10 жыл ішінде жалпы құны 3,5 миллиард теӊгеге 905 кабинет қазіргі заманғы оқу құралдарымен жабдықталды. Бүгін тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын атап өту аясында жаӊа мектепті пайдалануға беріп отырымыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш", - деп атап өтті облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын атап отырған бірінші сынып оқушылары Рамазан Айсұлтан мен Малика Василеьева жаӊа ғимараттыӊ лентасын қиды.

Өз кезегінде ата-аналар атынан сөз сөлеген педагогика саласыныӊ ардагері Қайыркен Нұрымжанов ризашылық сезімін білдірді.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде, Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мыӊ оқушы мен 26,7 мыӊ студент білім алуда. Облыста 36,7 мыӊға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда. Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр

Жалпы бүгін облыс бойынша 4 жаӊа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтсақ, осы күні Ерейментау, Еӊбекшілдер, Целиноград және Бурабай аудандарында жаӊа 4 мектеп салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар Целиноград ауданындағы Подвиженка елді мекенінде мемлекеттік жеке серіктестік аясында бастауыш мектепте есігін айқара ашты.

Целиноград ауданыныӊ Тайтөбе ауылында 300 орындық мектеп ашылды, сондай-ақ, Преображенка ауылында МЖИ аясында 40 орындық бастауыш мектебі ашылды.

Мектеп жобасыныӊ құны 843 919,0 мыӊ теӊге. Мектеп 300 орынға арналған. Преображенка ауылында бастауыш мектеп құрылысы 2016 жылдыӊ мамыр айында мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында салына бастады.

Айта кетейік, Ақмола өӊірінде жыл басына таман 4 жаӊа мектеп ашылды, қазанда тағы бір мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны