25.07.2018, 23:19 3723

Ақмола облысында Целиноград ауданыныӊ 90 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар басталды

1928 жылы құрылған Целиноград ауданы Астана маӊында орналасқан. 140 мыӊнан аса халық тұратын ауданныӊ бүгінгі күні экономикасы өрлеп, мәдениеті өркендеп, халқыныӊ саны күннен-күнге өсіп келе жатыр.

Көкшетау. 25 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Целиноград ауданыныӊ 90 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар басталды. Бұл туралы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аталған мерекелік іс-шара Нұресіл, Талапкер ауылдық округтерінен шыққан тұлғалардыӊ қатысуымен болды. Мерекеге орай ұйымдастырылған жиында Целиноград ауданыныӊ орынбасары Алма Айткужинова жиналған көпшілікке құттықтау сөзін арнады.

1928 жылы құрылған Целиноград ауданы Астана маӊында орналасқан. 140 мыӊнан аса халық тұратын ауданныӊ бүгінгі күні экономикасы өрлеп, мәдениеті өркендеп, халқыныӊ саны күннен-күнге өсіп келе жатыр. Аймақтыӊ қай саласында болмасын бірқатар жетістіктері де бар. Астана агломерациясына 18 елді-мекені кіретін аудан Елордамен бірге жаӊарып, жасарып келеді. Атқарылып жатқан жұмыстар әлеуметтік саланы дамытуға, жаӊа жұмыс орындарын құруға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған. Осындай дамудыӊ даӊғыл жолына түскен жердіӊ 90 жылдығына орай, ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық саласына қосқан зор үлесі үшін Нұресіл, Талапкер ауылдық округтерініӊ бірқатар азаматтары 20 медаль және 20 құрмет грамотасымен марапатталды. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйініӊ ұжымы ұсынған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны