06.03.2018, 14:58 4071

Ақмола облысында халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған орталық 2017 жылдан бері жұмыс істеуде

Көкшетауда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2017 жылғы желтоқсанда автокөлік құралдарын тіркеуге арналған халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған орталық ашылды.Бұл елдегі ашылған он үшінші мамандандырылған қызмет көрсету орталығы болып отыр

Көкшетау. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Цифрлық технологиялар бизнестіӊ реттелуін жалғастыруға, мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы халыққа жыл сайынғы Жолдауында бизнесті жүргізуді реттеуге бағытталған заӊ қабылдау қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда облыста кәсіпкерлерге және халыққа мемлекеттік басқарудағы шығындарды азайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ ішкі саясат басқармасы.

Көкшетауда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2017 жылғы желтоқсанда автокөлік құралдарын тіркеуге арналған халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған орталық ашылды. Арнайы орталықтыӊ көмегімен жүргізушілер автокөліктерін тіркей алады немесе қысқа мерзім ішінде жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі бар.

Бұл елдегі ашылған он үшінші мамандандырылған қызмет көрсету орталығы болып отыр. Республиканыӊ он екі арнайы орталықтары бұрын жүргізушілерге бұған дейін көп уақыт пен ресурстарды жұмсауды талап ететін қызметтерді табысты қамтамасыз еткендігі байқалады.

Арнайы орталық Көкшетау тұрғындарына автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу кезінде жеке уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді. Айталық, екі қызмет түрін де екі сағат ішінде ғана тіркей алады. Барлық бизнес-үдерістер автоматтандырылған және мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелерімен біріктірілген. Арнайы орталықтыӊ автоматтандырылған тізбегінде қолданылатын электронды басқарудыӊ заманауи жүйесі жүргізуші тестініӊ практикалық бөлігін өткізген кезде адами факторды жоққа шығарады. "Жүргізушілер" комиссиясын да осы ғимаратта тапсыруға болады: барлық дәрігерлер, оныӊ ішінде психиатр және нарколог бөлек кеӊселерде орналасады. Сондай-ақ, аумақта көлікті техникалық қарау үшін арнайы ангар бар. Айтпақшы, Көкшетаудағы арнайы орталық ашылғаннан бері автокөліктерді тіркеу туралы куәліктер - 3155 және 785 жүргізуші куәліктері тіркелген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны