19.09.2017, 15:26 5520

Ақмола облысындағы танымал тарихи ескерткіштердіӊ бірі - Біржан сал қорымындағы кешен

Бұл жер дәстүрлі әншілердіӊ, суырып салма ақындардыӊ тәу ететін орны.

Көкшетау. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Туған жер" арнайы жобасыныӊ аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі облыстағы еӊ танымал тарихи ескерткіштерді насихаттау сериясын жалғастыруда.

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) - қазақтыӊ ұлттық музыка мәдениетініӊ алыбы, шешен айтыс ақыны, композитор, кеӊ дауысты әнші. Біржанныӊ шығармашылық мұрасында жастыққа тән ғашықтық, достық, махаббат сезім-күйлері, серілік, салдықтыӊ салты да, қиянат пен зорлыққа, әділетсіздікке қарсы туған ашу-ыза, қайғы, бәрі де бар. 1950 жылы зиратқа обелиск орнатылған, 1994 жылы қайта қалпына келтірілген. Біржан сал Қожағұлұлыныӊ көп шәкірттері болды.

Қорымындағы кешен қайта қалпына келтіруден соӊ қызыл граниттен жасалған тұтас тікбұрышты обелискініӊ орнына Біржан салдыӊ жартылай мүсіні орнатылған. Аркалы металл құрылымыныӊ жанында - ұлттық киім киген Біржан сал, оӊ қолы жүрегіне қойылған, сол қолымен домбыраны ұстап тұр. Жартылай мүсін қоладан құйылған (мүсінші Т. Досмағамбетов). Тұтас кешен аумағына шаршы бетон тақталар төселген және төмен өрнек тік қоршаумен қоршалған. Ескерткіш орнатылған алаӊқай күлгін мәрмәр тақталармен қапталған. Қабірдіӊ оӊ жағында орналасқан тік және көлденеӊ бедерлі тақталар және олар орнатылған тікбұрышты алаӊқай да осындай тақталармен ескерткішті қабір шынжырлы бағаналарымен қоршалған. Қорымындағы кешен Ақмола облысы Еӊбекшілдер ауданыныӊ Степняк қаласында орналасқан. Бұл жер дәстүрлі әншілердіӊ, суырып салма ақындардыӊ тәу ететін орны.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны