21.02.2018, 12:40 8271

Ақмола облысындағы WorldSkills Kazakhstan чемпионатыныӊ жеӊімпаздары Ұлттық чемпионатқа жолдама алады

Еӊбек кәсіптерініӊ беделін көтеру, экономиканыӊ өндірістік секторына жас мамандарды тарту және халықаралық талаптарды ескере отырып, кәсіптік білім берудіӊ біліктілік стандарттарын көтеру мақсатында ағымдағы жылдыӊ 19 ақпанынан 15 наурызына дейін Ақмола облысында WorldSkills аймақтық чемпионаты өтеді

Көкшетау. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Еӊбек кәсіптерініӊ беделін көтеру, экономиканыӊ өндірістік секторына жас мамандарды тарту және халықаралық талаптарды ескере отырып, кәсіптік білім берудіӊ біліктілік стандарттарын көтеру мақсатында ағымдағы жылдыӊ 19 ақпанынан 15 наурызына дейін Ақмола облысында WorldSkills аймақтық чемпионаты өтеді, деп хабарайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Конкурстыӊ ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасыныӊ Білім және ғылым министрлігі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып Ақмола облысыныӊ білім беру басқармасы. WSK ұлттық операторы - WorldSkills International (WSI) халықаралық қауымдастығында WSK өкілі ретінде қызмет атқаратын "Кәсіпқор" Холдинг" акционерлік қоғамы болып табылады.

Аймақтық чемпионат 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар арасында 23 кәсіби құзыреттілік бойынша өткізіледі: "Дәнекерлеу технологиялары", "Шаштараз", "Кескіндеме және сәндік жұмыстар", "Кірпіш тасығыштар", "Аспаздық жұмыс", "Жүйелік басқару", "Графикалық дизайн", "Веб-дизайн және әзірлеу", "Мейрамханада қызмет көрсету", "Электрмонтаждық жұмыс", "Мектепке дейінгі оқыту", "Кіші сыныптарда оқыту", "Сәндік технология", "Ағаш ұстасы", "Темір ұстасы", "Жүк автокөліктерініӊ қызметі", "Автосервис", "Плиткалармен қаптау", "Пісіру дағдылары", "Сантехника және жылыту", "Мехатроника", "Кузовты жөндеу".

WorldSkills чемпионатыныӊ аймақтық кезеӊіндегі әрбір құзырлықта бірінші орын алған чемпионатқа қатысушылар Ақмола облысыныӊ атынан Астана қаласында өтетін Илемдік чемпиондар Ұлттық чемпионатында өнер көрсетеді.

WorldSkills International (WSI) - бұл мақсаты кәсіпқой мамандықтарды танымал етіп, бүкіл әлем бойынша кәсіптік оқыту мен біліктіліктіӊ мәртебесі мен стандарттарын жетілдіру болып табылатын халықаралық қозғалыс. Өзініӊ құрылған сәтінен бастап, WSI өнеркәсіптік және қызмет көрсету салаларында еӊ жоғары деӊгейде жұмыс мамандықтарыныӊ әлемдік кәсіби стандарттарын сараптамалық бағалау, әзірлеу және қалыптастыруды қамтамасыз етті.

WSI негізгі қызметі - әртүрлі елдердегі кәсіпқойларға арналған WorldSkills конкурстарыныӊ ұйымы, онда жас мамандар өздерін білдіруге және өздерініӊ кәсіби шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алады. Бірінші жарыс 1946 жылы қатысушы елдердіӊ саны 78-ге жетті. Ал Қазақстан 2014 жылдыӊ тамызынан бастап WorldSkills International дүниежүзілік толыққанды мүшесі болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны