12.05.2017, 16:51 5392

Ақмола облысыныӊ 50-ден астам тәртіп сақшысы ЭКСПО - 2017 көрмесі кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Елордаға аттанды

Жол-патрульдік полициясы батальоныныӊ қызметкерлері бұл үшін бірнеше ай арнайы сабақтарға қатысып, ағылшын тілін үйреніп, жеке дайындықтары мен ату дайындықтарын шыӊдады.

Көкшетау. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ 50-ден астам тәртіп сақшысы ЭКСПО - 2017 көрмесі кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Елордаға аттанды,- деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Халықаралық арнайы мамандандырылған ЭКСПО - 2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге еліміздіӊ бүкіл өӊірлерінен келген тәртіп сақшылары жұмылдырылмақшы. Бұл істен Ақмола облысыныӊ тәртіп сақшылары да қалыс қала алмады.

Жол-патрульдік полициясы батальоныныӊ қызметкерлері бұл үшін бірнеше ай арнайы сабақтарға қатысып, ағылшын тілін үйреніп, жеке дайындықтары мен ату дайындықтарын шыӊдады.

5 мамырда тәртіп сақшыларыныӊ осынау аса маӊызды іссапарға дайындық деӊгейін ІІД бастығы, полиция полковнигі Ержан Сәденовтыӊ өзі тікелей тексерді. Икімшілік ғимаратыныӊ алаӊында саптық байқау өтіп, онда арнаулы құралдар, қызметтік көліктер мен полиция қызметкерлерініӊ киім-кешектері тексерілді.

10 мамырда тәртіп сақшыларыныӊ тобы Астанаға жүріп кетті.

Халықаралық шарада астаналық полицейлерге қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде облыстағы әріптестері көмектеседі. Бүгін 500 полиция қызметкері елордаға жетіп, саптық байқаудан өтті. Айта кетелік, барлығы да ағылшын тілін меӊгерген. Жеке құрам арнайы киіммен, патрульдік автокөлікпен және басқа да қажетті техникалық құралдармен жабдықталды.

"Астана қалалық ішкі істер департаментініӊ жеке құрамы ЕХРО өтетін мерзімде көрме аумағын жіті бақылауда ұстайды. Өйткені, өздеріӊіз білесіздер, бұл - еліміз үшін өте ауқымды және маӊызды шара. Сондықтан құқықтық тәртіпті қадағалап, оны сақтау үшін аймақтардан қосымша күш тартылды. Олардыӊ қатарында кинологтар мен саперлер де бар. Қажетті техника мен құрал-жабдық жеткілікті",- дейді ҚР Ішкі істер министрініӊ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны