10.01.2018, 23:11 5856

Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданында "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасына қатысушыларымен кездесу өтті

Аталған жобада Целиноград ауданы 20 адам ұсынып, үшеуі республикалық деӊгейге өткен

Көкшетау. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Целиноград ауданы әкімдігініӊ мәжіліс залында "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасыныӊ қатысушыларымен кездесу өтті. Модераторы - аудан әкімі Малғаждар Таткеев болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаны іске қосқаннан бері бүкіл Қазақстаннан 2 мыӊнан астам оқиға келіп түскен. Оныӊ ішінде еӊ қызықты әрі ерекше деген 300-ге жуығы таӊдалып алынды. Барлық үміткерлер 6 негізгі бөлімге бөлінген: "Мәдениет және өнер", "Қоғам", "Кәсіп", "Медицина", "Ғылым" және "Спорт". Ирбір адам қалаған үш адамы үшін дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылдыӊ 18 қазанында басталған халықтыӊ онлайн дауыс беруі 10 қарашада аяқталып, "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" анықталған еді.

Аталған жобада Целиноград ауданы 20 адам ұсынып, үшеуі республикалық деӊгейге өткен: Родина селолық округыныӊ әкімі, филология ғылымдарыныӊ кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеӊестіӊ мүшесі Белла Газдиева; мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клуб "Мерген" КММ спортшы-нұсқаушысы Вадим Дукарт; "РОМ АГРО" ЖШС директоры Нұрлан Құсайынов. Жобаныӊ жеӊімпазы өзініӊ жетістіктер тарихымен бөліскен Б.Газдиева атанды.

Өзініӊ алғысын білдіріп, табыстары жайлы әӊгімелеп берген округ әкімі: "Ерлікке біздіӊ жұмысымызда күн сайын орын бар. Дауыс берген және сенген барлық адамдарға рахмет, бұл біздіӊ жұмысымыздыӊ мойындалуы", - дейді.

Елбасыныӊ бастамасымен жүзеге асырылған ауқымды жоба елдіӊ тәуелсіздік жылдарында адамдар табысыныӊ нақты тарихын көрсетуге арналған. Сонымен бірге, қазіргі заманғы Қазақстан оқиғалары жобаға енгізілуі мүмкін 100 адамнан әлдеқайда табысты адамдарға бай екенін түсіну маӊызды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны