14.08.2017, 15:54 4136

Ақмола облысыныӊ Родина ауылында дәрігерлік амбулаторияныӊ ғимаратын күрделі жөндеу және күндізгі стационардыӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин мен "Агрофирма "Родина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ басшысы Иван Сауэр арасында жасалынған ынтымақтастық туралы меморандум шеӊберінде құны 29,5 миллион теӊгеге Родина ауылында дәрігерлік амбулаторияныӊ ғимаратын күрделі жөндеу және күндізгі стационардыӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары аяқталып, стоматологиялық, электрокардиографиялық құралдар, ультрадыбыстық терапия аппараты тәрізді медициналық жабдықтар орнатылды.

Көкшетау. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Астананыӊ іргесіндегі елдімекендерде әлеуметтік нысандардыӊ құрылысына Мемлекет басшысыныӊ Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында көрсетілген бағдарламалар бойынша жеке инвестиция тартылуда.

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин мен "Агрофирма "Родина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ басшысы Иван Сауэр арасында жасалынған ынтымақтастық туралы меморандум шеӊберінде құны 29,5 миллион теӊгеге Родина ауылында дәрігерлік амбулаторияныӊ ғимаратын күрделі жөндеу және күндізгі стационардыӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары аяқталып, стоматологиялық, электрокардиографиялық құралдар, ультрадыбыстық терапия аппараты тәрізді медициналық жабдықтар орнатылды.

Сонымен қатар, құрылтайшы "BI Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ директоры Бауыржан Исабаевтыӊ демеушілігімен жасанды жабындысы бар футбол-баскетбол алаӊыныӊ құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаныӊ құны 11 миллион теӊгені құрап отыр. Ауданныӊ тағы бір тумасы "Шаӊырақ басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ бас директоры Александр Лоренц құны 5 миллион теӊгеге Бірлік ауылында 50 орындық бастауыш мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса Отаутүскен ауылында 50 орындық бастауыш мектептіӊ құрылысы қолға алынған. Оны Қанат Ж?кенов басшылық ететін "Көкше Жемчуг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жоба құны 12 миллион теӊгені құрайды.

Сонымен қатар, демеушілердіӊ көмегімен ауданда денсаулық сақтау басқармасыныӊ нысандары мен 200 және 50 орындық мектептіӊ құрылысын жүргізу жоспарда бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны