08.09.2009, 09:23 1648

Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы болып қайта аталды

Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы болып қайта аталды

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы болып қайта аталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9-бабына сәйкес және Ақмола облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының пікірін ескере отырып қаулы етемін: Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі"-, делінген жарлық мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны