12.07.2017, 19:18 2625

Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданында Түркі кеӊесініӊ халықаралық жазғы лагері ашылды

Бұл лагерь бiздiӊ елiмiзде тұӊғыш рет ұйымдастырылып отыр. Мұнда бауырлас елдердiӊ жастары бiр-бiрiмен тығыз қарым қатынас орнатып, осындай ауқымды шараны жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiп отырады деп сенемiн", - дедi Абзал Нүкенов.

Көкшетау. 12 шілде. Kazakhstan today - Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданында Түркі кеӊесініӊ халықаралық жазғы лагері ашылды,- деп хабарлайды Kazakhstan today.

Зерендi көлiнiӊ жағасындағы "Аврора Гарден" демалыс орнында өткен шараға ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам вице-министрi Абзал Нүкенов қатысып құттықтау сөз сөйледi.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында айтылғандай өсiп келе жатқан келешек ұрпақты жастайынан тарихи құндылықтарға тәрбиелеуге зор көӊiл бөлiнiп отыр. Осы орайда, бауырлас елдер жастарыныӊ арасында тығыз байланыс орнату маӊызды. Бүгiнгi ұйымдастырылып отырған Түркi кеӊесiнiӊ халықаралық жазғы лагерi сол үрдiстен шығады деп ойлаймын. Қазiргi кезде, Зерендi жерiнде төрт елден жиналған 100-ге жуық жастар қатысуда. Бұл лагерь бiздiӊ елiмiзде тұӊғыш рет ұйымдастырылып отыр. Мұнда бауырлас елдердiӊ жастары бiр-бiрiмен тығыз қарым қатынас орнатып, осындай ауқымды шараны жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiп отырады деп сенемiн", - дедi Абзал Нүкенов.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша аталмыш лагерь шiлденiӊ 10-16 аралығына дейiн өтпек. Оған Түркия, Изербайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан жиналған жүзге жуық белсендi жастар қатысуда.

Шара жергiлiктi жас өнерпаздардыӊ орындауындағы концерттiк бағдарлама мен "Зерен" демалыс орнындағы "галстуксiз" кездесуге ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны