04.05.2017, 16:07 4257

Ақмола облыстық дәрігерлер президенттіӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылады

"Емханада адам туған сәттен бастап оныӊ денсаулығы мен медициналық көмек көрсету оқиғаларыныӊ барлығына қатысты толық ақпарат жинақталып отыратын электрондық денсаулық паспортын жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл адамныӊ бүкіл өмір бойына үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз", - деді қалалық №1 емхананыӊ бас дәрігері Сулен Ильясов.

Көкшетау. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Ақмола облыстық қан орталығыныӊ базасында облыстық медицина ұйымдарыныӊ өкілдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылады, - деп хабарлайды Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақмола облыстық ауруханасыныӊ бас дәрігері Серік Ақшалов атап өткендей, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындары адамгершілік пен руханиятты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті көтеру, толеранттылықты насихаттау, басқа ұлттарға, бөтен адамдардыӊ діндеріне қатысты төзімділікке тәрбиелеу, жастарға мәдени құндылықтарды дәріптеу үшін қоғамдық жастар ұйымдарымен бірлесе мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, өзініӊ бәсекеге қабілеттілігін дамытқан жағдайда ғана тек жеке адам ғана емес, жалпы бүкіл бір ұлт та тұтастай табысқа жете алады. Сондықтан кез-келген қазақстандық қана емес, ұлт тұтастай алғанда XXI ғасырға лайықты қасиеттер мен артықшылықтар жиынтығын бойына жинауы қажет. Олардыӊ арасындағы сөзсіз алғышарттарыныӊ қатарына компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени тұрғыдағы ашықтық секілді факторлар жатады. Осыған байланысты "Цифрлық Қазақстан", үштілділік және мәдени және конфессияаралық келісім бағдарламалары ұлтты тұтастай (бүкіл қазақстандықтарды) XXI ғасырдағы тіршілікке дайындаудыӊ бір бөлігі болып табылады. Бұлар біздіӊ бәсекеге қабілеттілігіміздіӊ бір бөлігін құрамақ", - деп атап өтті С. Ақшалов.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастық жүзеге асырылуда, ол денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру ісіне медициналық, басқарушылық, білімдік, инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. 2010 және 2016 жылдар аралығында хирургияныӊ, трансплантологияныӊ, реабилитацияныӊ, кардиохирургияныӊ, кардиологияныӊ, сәулелік диагностиканыӊ, клиникалық-зертханалық диагностиканыӊ, нейрохирургияныӊ, медбике ісініӊ, онкологияныӊ басты клиникалық бағыттары бойынша диагностика, емдеу, сауықтыру және аурудыӊ алдын алудыӊ 380-нен астам озық әдістері қолданысқа енгізілді.

Илемдік тәжӊрибеде денсаулық сақтау саласын цифрлау ағымы артып келеді, Ол денсаулық сақтау қызметтеріне халықты жаппай қамтуды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл дегініӊіз, адамдар қайда тұрмасын, қайда жүрмесін, медициналық көмекке қол жеткізе алуға тиіс екендігін білдіреді.

"Емханада адам туған сәттен бастап оныӊ денсаулығы мен медициналық көмек көрсету оқиғаларыныӊ барлығына қатысты толық ақпарат жинақталып отыратын электрондық денсаулық паспортын жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл адамныӊ бүкіл өмір бойына үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз", - деді қалалық №1 емхананыӊ бас дәрігері Сулен Ильясов.

Айта кету керек, осындай кездесулер Атбасар және Степногорск ауданында да өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны