27.07.2017, 19:41 4320

Ақмола олысыныӊ әкімі Көкшетауда жүріп жатқан құрылыс алаӊдарында болды

Облыс орталығын кезектi рет аралау барысында Ақмола олысыныӊ әкімі Көкшетаудағы жол жөндеу жұмыстарыныӊ барысымен танысты.

Көкшетау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Облыс орталығын кезектi рет аралау барысында Ақмола олысыныӊ әкімі Көкшетаудағы жол жөндеу жұмыстарыныӊ барысымен танысты. Бүгiнгi күнi шаһардыӊ бiрқатар көшелерiнде ағымдағы, орта және күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Оныӊ iшiнде Ташенов көшесi жаӊадан салынып жатыр. Мердiгер компания өкiлдерiнiӊ айтуынша, мұнда жұмыс кестеге сай орындалуда, барлығы уақытында пайдалануға берiледi. Құрылыс қарқынын көрген облыс әкiмi сапаға ден қойып, жобаны уақытында тапсыруды мiндеттедi.

Мұнан кейiн М. Мырзалин "Революция күрескерлерi" саябағында болып, онда жүрiп жатқан қайта жаӊғырту жұмысын көрдi. Саябақты қалпына келтiрiп, оны қала тұрғындары мен қонақтарыныӊ тағы бiр демалыс орнына айналдыру мақсатында биыл бюджеттен 300 млн теӊге қаржы бөлiнген. Қазiр бұл қаржыны игеру мақсатында мұнда ерекше дизайнмен аллея салынып, жол төселiп жатыр. Жоба бойынша саябақта спорт кешенi бой көтерiп, шаӊғы жолы салынады. Атап айту керек, саябақ құрылысына қажеттi материалдыӊ 80 пайызы жергiлiктi өндiрiс орындарынан алынып отыр.

Осы күнi аймақ басшысы "РегионСтрой" ЖШС болып, аталған үй құрылыс комбинатыныӊ жұмысымен танысты. Биыл мұнда 30 мыӊ тоннадан астам өндiрiс материалы шығарылған.

Сондай-ақ облыс әкiмi №18-шi орта мектепке қосымша салынып жатқан 420 орындық ғимараттыӊ құрылыс қарқынын пысықтады. Жұмыс барысына оӊ баға берген ол, нысанды 2018 жылдыӊ жаӊа оқу мауысымына дейiн тапсыруды жүктедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны