11.07.2007, 13:45 2790

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі "Ашық әлем" жобасына қатысушы бірқатар компаниялармен меморандум бекітті

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі "Ашық әлем" жобасына қатысушы бірқатар компаниялармен меморандум бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі агенттіктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Апараттандыру және байланыс агенттігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Microsoft Kazakhstan" ЖШС, "Intel Technologies Inc" корпорациясы, "Логиком" АҚ, "Глотур" АҚ және IT-компаниялар ассоциациясы "ұлттық" компьютер құру жөніндегі жобаны бірлесіп жүзеге асыру үшін өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдағы мақсат кәсіби қызмет, тұрақты жетілу, интеллектуалдық өрісті дамыту және өзара қатынас жасау үшін, сондай-ақ интернетке жеңілдікпен қол жеткізу үшін халықты қол жетімді дербес компьютерлермен қамтамасыз ету жөніндегі "Ашық әлем" жобасын жүзеге асыру бойынша бірқатар ауқымды және ұзақмерзімдік бастамаларды бірлесіп қабылдау болып табылады.

"Ашық әлем" жобасын құру идеясын Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 2006 жылдың соңында жария еткен болатын. Осының шеңберінде Қазақстанның әрбір азаматы үстіміздегі жылдың тамызынан бастап нарықтық құннан арзан бағамен дербес компьютер сатып ала алады.

Жоба аясында елде жоғарыда аталған меморандумға қатысушы Intel/Microsoft компаниясының платформасы негізінде бағдарламалық қамсыздандыруы бар арзан дербес компьютерлер жинақтау жүргізіледі. Мұндай компьютерді "Қазпошта" АҚ-ның кез келген пошталық бөлімінен, сондай-ақ шығарушы компаниядардың бөлшек желілерінен сатып алуға болады.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басшысы Қуанышбек Есекеевтің бұдан бұрын мәлімдеуінше, "ұлттық" компьютер - мемлекеттің сандық теңсіздікке қарсы күрес бағдарламасы шеңберіндегі бастамасы болып табылады. Оның мақсаты рынокты белгілі бір қызметтер пакетімен арзан компьютерлермен қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны