01.07.2008, 13:05 1352

АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды - АҚШ конгрессінің мүшесі

АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды - АҚШ конгрессінің мүшесі

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды. Бұл туралы АҚШ конгрессінің мүшесі Алси Хастингс бүгін баспасөз мәслихатында мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мұнайдың бағасы кейінгі уақытта шарықтау шегіне жеткенін ескере отырып, біз Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған және әртараптандыру мен оны әлемдік нарыққа тасымалдау бағытындағы қадамдарын жоғары бағалаймыз", - деді А. Хастингс.

"Сонымен бірге, мен Қазақстанның өнеркәсіптің шикізат өндіру саласындағы ашықтық бастамасының аясындағы күш-жігеріне риза боламын және Қазақстан осы бастамаға кіретін елдердің кандидатураларына қойылатын ең минималды талаптарға сай келеді деп ойлаймын", - деді конгрессмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны