23.08.2011, 11:40 4567

АҚШ зардап шеккен отандасымыздың жағдайы нашар

"Науқастың жағдайы өте ауыр, миы аноксиялық зақымданған, 3-ші дәрежедегі ессіз күйде, екі өкпесі қабынған, экссудатты плеврит. Демалуы тек жасанды тыныс аппаратының көмегімен жүзеге асырылуда. Науқас сыртқы қоздырғыштарды сезбейді, рефлекстері жоқ", деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - АҚШ зардап шеккен отандасымыздың жағдайы нашар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Науқастың жағдайы өте ауыр, миы аноксиялық зақымданған, 3-ші дәрежедегі ессіз күйде, екі өкпесі қабынған, экссудатты плеврит. Демалуы тек жасанды тыныс аппаратының көмегімен жүзеге асырылуда. Науқас сыртқы қоздырғыштарды сезбейді, рефлекстері жоқ", деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында жатқан Айнұр Ахметованың жағдайын біліп, оның анасымен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ клиникасында ес-түссіз жатқан павлодарлық студент Айнұр Ахметованы жасанды тыныс аппаратынан ажыратпай, Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданғаны туралы бұрынырақ хабарланған болатын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан барлық ұйымдастыру мәселелері шешіліп, соның ішінде бизнес-құрылымдар арқылы әуе транспортымен науқасты Отанына жеткізу үшін қаражат тартылып, ағымдағы жылғы 21 тамызда таңғы сағат 05-те Айнұр Астана қаласының әуежайына жеткізіліп, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Нейрохирургия орталығында қолдау терапиясы жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны