23.04.2009, 15:01 2734

АҚШ-та алаяқтық сипаттағы қаржылық дағдарыс байқалуда - Шэхтер

АҚШ-та алаяқтық сипаттағы қаржылық дағдарыс байқалуда - Шэхтер

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-та алаяқтық сипаттағы қаржылық дағдарыс байқалуда. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII Еуразиялық медиафорумда MediaChannel.org интернет-каналының вице-президенті әрі атқарушы продюсері Дэнни Шэхтер мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Д. Шэхтердің айтуынша, дағдарысқа кінәлі адамдар арнайы схемаларды пайдаланған, соның салдарынан келген шығын көлемі $65 млрд құрады. "Бұл - АҚШ-та бастау алған алаяқтық қаржылық дағдарыс",- деді ол. Д. Шэхтер осыған байланысты бір ғана ірі қаржылық институттың жетекшілері ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сонымен бірге Д. Шэхтердің айтуынша, аталған схемаларды АҚШ үкіметі дер кезінде әшкерелей алған жоқ, ал экономикалық дағдарыстың жақындап қалғаны жайлы негізінен БАҚ-тар ғана ескертті.

Оның атап көрсетуінше, "қалыптасқан жағдайда заңсыз іс-әрекеттердің ауқымы банк дағдарысынан гөрі ауқымдырақ", өйткені, бұл дағдарыс зор әлеуметтік залал-зардаптарға алып келді. "Миллиондаған адамдар баспанасынан, сенімінен айрылды. Яғни, мен бұл - біршама терең проблема деп санаймын",- деді Д.Шэхтер.

"Бізге керегі - тек дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау ғана емес, сонымен бірге, заңсыз іс-әрекеттермен айналысып, түрлі алаяқтық қитұрқылық тәсілдерді қолданған адамдарға лайықты шара қолдану қажет", - деді Д. Шэхтер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны