13.04.2016, 21:53 4168

АҚШ-та тасбақаны шалбарыныӊ ауына салып шекара асырған канадалық 5 жылға сотталды

2014 жылы Кай Сюяны канадалық шекарашылар ұстаған. Ол 51 тірі тасбақаны шалбарына жасырған екен

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ-та ұлты қытайлық Канада азаматы тасбақалар контрабандасы үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2014 жылы Кай Сюяны канадалық шекарашылар ұстаған. Ол 51 тірі тасбақаны шалбарына жасырған екен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айыптаушылардыӊ нұсқасына қарағанда, ол үнемі Мичиганға барып, Қытайға жөнелту үшін ол жерден тасбақаларды сатып алып отырған. Осылайша ол мыӊдаған тасбақаны өткізген.

Кай Сюй өзі тасбақаларды университеттегі оқуыныӊ төлемін төлеу үшін сатқанын айтты. Ол сотта АҚШ қауіпсіздік қызметіне қылмысты жолдан алып шыққандары үшін алғыс айтты, деп жазды Ассошиэйтед пресс.

Прокурорлардыӊ сөздеріне қарағанда, Кай Сюй тасбақаларды Канада мен АҚШ-тан Қытайға теӊіз арқылы тасымалдаған. Кейде өзге адамдарға ақша төлеп, олардыӊ ұшақтағы жүксалғышына салған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны