09.02.2011, 15:16 3776

"Ақтау - Амстердам" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

"Ақтау - Амстердам" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтау. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - "Ақтау - Амстердам" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

News.kz. агенттігінің хабарлауынша, таяу уақыттарда "Эйр Астана" "Ақтау - Амстердам" жаңа әуе рейсін ашпақ. Бұл туралы бүгін "Эйр Астана" компаниясының басшысы Питер Фостер Маңғыстау облысы әкімдігінде ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою кезінде мәлім еткен.

"Біз сіздердің аймақты дамыту жөніндегі жоспарларыңыздың туристік секторға да қатысы бар екенін білеміз. Осы мәселені шешуде "Эйр Астана" сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігіне толық сеніге болады. Осы бағытта бағдарлық желіні кеңейтуге назар аударып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, "Ақтау-Алматы", "Ақтау - Астана", "Ақтау - Стамбул" авиарейстері бар. Сондай-ақ, биылғы жылғы қыстан бастап біз "Ақтау-Амстердам" авиарейсін қосуды жоспарлап отырмыз", - деді П. Фостер.

Кездесу аясында компания мен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны