16.05.2006, 12:43 3534

Ақтау қалалық табиғат қорғау прокуратурасы экологияға нұқсан келтіргені үшін “ҚМГ” Барлау.Өндіру” компаниясынан 11 млрд. теңге өндіріп алуды талап етті

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today . Ақтау қалалық табиғат қорғау прокуратурасы экологияға нұқсан келтіргені үшін “ҚазМұнайГаз” Барлау.Өндіру” компаниясынан 11 млрд. 427 млн. 958 мың теңге өндіріп алуды талап етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қалалық табиғат қорғау прокуратурасының таныстыруына сәйкес Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Астана қалалық ауданаралық арнаулы экономикалық сотына шағым түсірді.

Бас прокуратураның хабарламасына сәйкес, “облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Маңғыстау облысындағы шаруашылық субьктілері тарапынан келтірген экологиялық шығынның орнын толтыруға қатысты іс-қызметіне талдау жасау нәтижесінде Ақтау қалалық табиғат қорғау прокуратурасы өкілетті органның “ҚазМұнайГаз” Барлау.Өндіру” компаниясына әсіре бүйрегі бұратынына назар аударды”.

“Белгісіз себептермен аталмыш кәсіпорынға хаттама жүзінде бірде-бір қарсылық білдірілмеген. Соған қарамасман, дәл осы компанияның іс-қызметі осыдан бірнеше жыл бұрын облыс аумағында, Жаңаөзен қаласының маңында қоршаған ортаны ластайтын екі бірдей ауқымды көз түзілген”,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

“Басқарма “ҚазМұнайГаз” Барлау.Өндіру” компаниясының қоршаған ортаға келтірген залал-зардабының құнын бағалауға міндетті екенін табиғат қорғау прокуратурасының заң бұзушылықты жою туралы таныстыруынан кейін ғана “есіне түсірді”, делінген бас прокуратураның хабарламасында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны