03.12.2018, 21:41 8415

Ақтауда алғашқы коворкинг орталығы ашылды

Журналистер мен шығармашылық жолындағы мамандардыӊ, веб және графикалық дизайнерлердіӊ, IT-мамандардыӊ, коучтердіӊ, жеке кәсіпкерлердіӊ жұмысы үшін құрылған коворкинг орталықта 4 кеӊсе, конференц-зал және сұхбат бөлмесі бар.

Ақтау. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтауда алғашқы коворкинг орталығы ашылды. Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын нысан 22 жұмыс орнына есептелген.Журналистер мен шығармашылық жолындағы мамандардыӊ, веб және графикалық дизайнерлердіӊ, IT-мамандардыӊ, коучтердіӊ, жеке кәсіпкерлердіӊ жұмысы үшін құрылған коворкинг орталықта 4 кеӊсе, конференц-зал және сұхбат бөлмесі бар. Аталмыш орталықта жастар және кәсіпкерлік саласында жүрген мамандардыӊ бас қосып, жұмыс-жоспарын талқылауға қолайлы барлық жағдай жасалған.

"Жұмыстыӊ жаӊа форматы жас мамандарға өз пікірлестерін табуға, олармен қандай да бір жобаны ұйымдастыруға көмектеседі, сондай - ақ жастар тарапынан кәсіпкерлікке деген қызығушылықтыӊ артуына және ашықтықтыӊ артуына әсер етеді", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бұндай кеӊ көлемді орталық әзірге тек Алматы мен Астанадан және Ақтау қаласында ғана ашылған.

Сондай-ақ, өӊір басшысы Атамекен ауылыныӊ жолындағы №55 автомобиль жолыныӊ құрылысын қарап шықты. "ХГМЗ қиылысынан №23,24,28 "А" шағын аудандар қиылысына дейінгі автомобиль жолын жөндеу жұмыстарықысқа уақыт ішінде бітуі тиіс".

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданыныӊ әкіміне және жауапты мердігер компания басшысына нақты тапсырма берді. Мердігер мекеме "Татьяна" дүкенінен "Нұрас" жанармай құю бекетіне дейінгі ұзындығы 1,1 шақырым автомобиль жолын 4 жолақты етіп кеӊейту үшін жұмыстарды жалғастырады.

Тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін тиісті шараларды дер кезінде қолға алып, жұмыстыӊ нақты жоспары жасалуы тиіс деді, өӊір басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны