21.12.2015, 18:07 3947

Ақтауда ревизорларға пара бермек болған әкім орынбасары тұтқындалды

Ақтауда бірден бірнеше шенеунік қамауға алынды. Қала әкімініӊ орынбасары, облыстық ревизиялық комиссияныӊ төрағасы мен осы комиссияныӊ мүшесіне "пара берді" және "пара алды" деген айып тағылып отыр

Ақтау. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтауда бірден бірнеше шенеунік қамауға алынды. Қала әкімініӊ орынбасары, облыстық ревизиялық комиссияныӊ төрағасы мен осы комиссияныӊ мүшесіне "пара берді" және "пара алды" деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлығы Абай атындағы мәдениет үйініӊ жөндеу жұмысына қатысты іс бойынша құрықталды. Ревизиялық комиссияныӊ төрағасы Мақсат Нысанбаев пен оныӊ мүшесі Арман Именов Ақтау қаласы әкімініӊ орынбасары Юрий Диррден пара алған. Олар мәдениет үйін жөндеуге бөлінген қаржыныӊ мақсатсыз жұмсалғанына "көз жұма" қарамақшы болыпты. Бұл "қызметі" үшін Дирр ревизорларға 2 миллион теӊге беріп, әкімшілік жазадан жалтармақ болған. Дирр - қала әкімі орынбасары қызметіне тағайындалмас бұрын аталған мәдениет үйін 18 жыл бойы басқарған еді. Икімдіктіӊ мәдениет, білім және әлеуметтік даму саласына жетекшілік еткеніне 2 айдан енді асты. Енді оған "пара берді" деген күдіктен өзге бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсады деген де айып тағылуы мүмкін. Қазір ұсталған үш шенеунік те уақытша қамау абақтысында отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны