21.12.2007, 17:27 2997

Ақтөбе облысында қар жауып, боран соғады деп жарияланды

Ақтөбе облысында қар жауып, боран соғады деп жарияланды

Ақтөбе. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында қар жауып, боран соғады деп жарияланды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Мекеменің хабарлауынша, желтоқсанның 21 мен 22 жұлдызында өңірде қар жауып, боран соғады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек.

"Боран туралы ақпаратты біз жергілікті жерлерге жеткіздік, осыған сәйкес тиісті қызметтердің басшылығына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету тапсырылды", -деп хабарлайды департаменттегілер.

Аталған күндерде Ақтөбе облысының тұрғындарына елдімекендердің аумағынан тысқары шықпауға кеңес берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны