06.10.2015, 10:36 4444

Ақтөбе облысында ҰҚҚ қызметкері атылып өлді

3 қазан күні Ақтөбе облысы Қандыағашта ҰҚҚ аудандық бөлім басшысыныӊ орынбасары 38 жастағы азамат өз кабинетінде атылып өлді

Ақтөбе. 07 Қазан. Kazakhstan Today - 3 қазан күні Ақтөбе облысы Қандыағашта ҰҚҚ аудандық бөлім басшысыныӊ орынбасары 38 жастағы азамат өз кабинетінде атылып өлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Диапазон басылымы таратқан дерекке сүйенсек, ол ҰҚҚ Мұғалжар аудандық бөліміне дейін ҰҚҚД халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күрес басқармасында жұмыс істеген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Сенбі күні бөлім басшысыныӊ орынбасары кезекшіні темекіге жұмсайды. Сөйтіп, жұмыс орнында ешкім жоқ уақытты пайдаланып, табельді қарудан өзіне оқ атқан", - дейді мекеме қызметкерлері.

Марқұмныӊ артында әйелі мен екі қызы қалды. Кей деректерде оныӊ 2011 жылы атышулы Кеӊқияқ оқиғасына қатысы бар қылмыскерлерді ұстау операциясына қатысқаны айтылады. Жуырда ол Астана қаласына ауысуды жоспарлап жүрген екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны