21.04.2015, 17:23 4190

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде балық қырылып жатыр

Шалқар аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына кеше жергілікті тұрғынныӊ бірі хабарласқан. Ол көл жағасында сазан, аққайран және басқа да балық түрлерініӊ қырылып жатқанын айтыпты. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, прокуратура мен ветеринар мамандарды, жергілікті әкімдіктегілерді құлағдар еткен.

Ақтөбе. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шалқар аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына кеше жергілікті тұрғынныӊ бірі хабарласқан. Ол көл жағасында сазан, аққайран және басқа да балық түрлерініӊ қырылып жатқанын айтыпты. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, прокуратура мен ветеринар мамандарды, жергілікті әкімдіктегілерді құлағдар еткен. Қазір арнайы комиссия құрылып, балықтыӊ жаппай қырылу себептерін анықтап жатыр. Су мен балықтан сынама алынды. Дегенмен, Шалқар қаласыныӊ тұрғындары екі күннен бері қолқаны қабатын күлімсі иіс жағалауды алып кеткенін айтады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Көл жақтан шыққан сасық иістен дем алу мүмкін емес. Кезінде бұл көл қандай еді! Соӊғы жылдары берекесі кетті ғой. Жыл сайын суы тартылып бара жатыр. Биыл әйтеуір табанына су келгенге қуанғанбыз. Енді балық қырылғанын көріп шошып кеттік. Көл табаны батпақ. Қамыс пен балдырдан көрінбейді",-дейді Шалқар қаласыныӊ тұрғыны Азамат Көпбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны