27.07.2012, 11:21 3085

Ақтөбе облысының фермерлері астықтың үштен бірінен айырылды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбелік фермерлер шығынға белшесінен батуда. Биылғы қуаңшылық аймақтағы бидайдың 35 пайызын күйдіріп жіберген.

Ақтөбе. 27-шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының фермерлері астықтың үштен бірінен айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбелік фермерлер шығынға белшесінен батуда. Биылғы қуаңшылық аймақтағы бидайдың 35 пайызын күйдіріп жіберген.

Жайлы кабинеттерінен егістік алқаптарына жылыстаған шенеуніктер биылғы қуаңшылықтың салдарын өз көздерімен көріп жүр. Кім, қанша шығын көргенін есептеуге кірісті. Айтуларынша, бірде-бір шаруа қожалығы мемлекет қолдауынан сырт қалмайды. Азық-түлік бағасын да тежеуге сөз берді.

"Азық-түлік, бидай дейміз, соның 28 000 теңгеден "Азық-түлік корпорациясы" арқылы беріледі. Сондықтан бір бөлке нан 42-43 теңгеден аспайтын болады. Малдың басын азайтып алмау үшін, соның ішінде аналық мал, оған да жемнен көмек көрсетіледі",- дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұхтар Жұмағазиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны