24.02.2011, 17:40 4471

Ақтөбе тұрғыны бір колледжде оқитын баланы өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе тұрғыны бір колледжде оқитын баланы өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе тұрғыны бір колледжде оқитын баланы өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 20 жастағы жігіт қорқыту арқылы кәмелеттік жасқа толмаған 5 баладан бірнеше рет ақша алған. Іс материалында көрсетілгендей, Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны бұрын сотталған болып шықты.

2010 жылдың маусымында ол өзінің туысының кәмелеттік жасқа толмаған достарымен танысады, жігіттер арасында жанжал туындап, студент олардың бірінен пышақ арқылы қорқытып, ұялы телефонын тартып алады.

Тамыз айында ол зардап шегуші балалардың біріне телефон шалып, өзіне азық-түлік пен 12 мың теңге әкеліп беруін талап еткен, ал бала болса оған көнген.

Бірақ қорқытып пайда табу осымен тынбаған. Енді 20 жастағы студент танысымен бірге көлік мініп балалардың үйіне келеді де, төртеуін машинаға салып алып кетеді. Қолымдағы мылтықпен атып тастаймын деп қорқытқан балалардан ол енді 50 мың теңге талап етеді.

Одан кейін студент тағы 150 мың теңге сұрайды. Ондай ақша балаларда болмаған, онымен қоса 20 жастағы студент үстіне 150 мың теңге қосып әкелуді талап етеді.

Зардап шеккендердің біреуі ағасы арқылы банктен несие алып, 350 мың теңге бермек болады. Алайда қорқытып талап етуші айтқан уақытқа дейін несие алу мүмкін болмаған. Қатты қорыққан кәмелеттік жасқа толмаған бала сарайда асылып өліп, өз өмірін қиған.

Қаза тапқан баланың әкесі сотқа арыз жазып, 5 млн. теңге көлемінде моралдық шығын талап еткен. Істі қараған №2 қалалық сот кінәлі адамды 2 млн. теңге көлемінде моралдық шығын қайтарып, 6 жыл бас бостандығынан айырылады деген үкім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны