11.04.2012, 16:07 3328

Ақтөбеде 74 жастағы зейнеткер тубдиспансердің бесінші қабатынан секіріп кетті

Кейуананың неліктен өзіне қол салғаны әзірге беймәлім. Емдеу мекемесіндегі өзге науқастардың айтуынша, әжей аураханадағы жағдайға төзе алмаған көрінеді. Себебі мұнда емделушілер жарытып ас ішпейді, ал ауыр психотропты дәрілерден жүйкелері жұқарады екен.

Ақтөбе. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 74 жастағы зейнеткер облыстық туберкулез диспансерінің бесінші қабатынан секіріп, жазым болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кейуананың неліктен өзіне қол салғаны әзірге беймәлім. Емдеу мекемесіндегі өзге науқастардың айтуынша, әжей аураханадағы жағдайға төзе алмаған көрінеді. Себебі мұнда емделушілер жарытып ас ішпейді, ал ауыр психотропты дәрілерден жүйкелері жұқарады екен.

Таң сәріде 74 жастағы зейнеткердің бесінші қабаттан секіргенін сол маңда жүрген дәрігерлер көріпті. Бір ай бұрын өкпесі дертті болып диспансерге түскен кейуананың неліктен мұндай қадамға барғанын олар түсінбей отыр. Аурухана басшысының өзі қарияның терезенің кішкентай тор көзіне қалай сыйып кеткеніне таң қалуда.

" Ийелдің бесінші қабаттан қалай құлап қалғанын білмедім. Бесінші қабаттағы кішкене терезеден қалай түскенін түсінбеймін. Бір ай болды емделгеніне. Қасында бір пышақ жатыр",- деген түсініктеме берді Ақтөбе облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Нұрлан Ағзамов.

Туберкулез диспансеріндегі науқастар әжейдің өліміне аурухана басшыларын кінәлайды. Айтуларынша, мұндағы жағдай адам төзгісіз. Жарытып тамақ ішпейді. Ал ауыр психотропты дәрілер жүйкеге кері әсер ететін көрінеді.

"Бұл әжей осындағы жағдайға шыдай алмай секіріп кетті. Ауыр психотропты дәрілер береді. Оны ішкен адамның жүйкесі қозып кетеді",- дейді емделіп жатқан науқас Дархан Бөлекбаев.

Ал Айдар атты емделуші: "Тамақ мұнда шошқаның тамағы сияқты ғой. Бәріміз бірігіп көтерілсек жағдай дұрысталады. Үлкен әже көп дәрі ішті. Адам одан есі ауып қалады", деген уәж айтуда.

Оқыс жағдайдан соң, оңтайлы сәтті пайдаланып бас дәрігерге наздарын жеткізбек болған науқастарды ол тыңдаған да жоқ. Қолын бір сілтеп, жөнін де айтпады.

74 жастағы зейнеткердің өлімін тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ал туберкулез диспансерінің емделушілері енді құзырлы органдарға шағымданбақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны