23.01.2007, 17:44 3196

Ақтөбеде әуежайды реконструкциялаудың екінші кезеңі басталды

АҚТӨБЕ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Ақтөбеде халықаралық әуежайды реконструкциялаудың екінші кезеңі іске асырыла бастады. Бұл туралы журналистерге "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ президенті Бөгежан Аманбаев хабарлады.

Ол, жұмыстың Қазақстан әуежайларын реконструкциялаудың үкіметтік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқанын еске сала кетті.

Б. Аманбаевтың сөзіне сүйенсек, аталмыш кезеңде ұшақтарға арналған авиатұрақ пен айналма жолды модернизациялау, жолаушылар мен жүк терминалдарын су және жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, магистральды рулежді жол кеңейтіліп, трансформаторлы подстанция салынбақ. Иуежайда ауданы 794 шаршы метрді құрайтын уақытша сақтау қоймасы салынады.

Б. Аманбаевтың айтуынша, жаңалау жұмыстарының аясында аэровокзал кешенінің ішін толығымен қайта жоспарлау мен ғимараттың ауданын 2 мың шаршы метрге кеңейту қарастырылған. Нәтижесінде кешеннің жалпы көлемі 7,8 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Бұл, өз кезегінде, аэровакзалдың өткізу мүмкіндігін әрбір жарты сағат сайын 300 жолаушыға дейін немесе жылына 275 мың адамға дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Жолаушылар терминалында заманауи эконом-, бизнес-, және VIP- класты залдар құрылады. Жолаушылардың ұшақтан тура аэровокзалға келуіне мүмкіндік жасайтын екі телескопиялық баспалдақ салынады.

"Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді", - деді Б. Аманбаев. Ол 39 жыл бойы бір рет те күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген аэровокзалдың "танылмастай болып өзгеретіндігіне" үмітті екендігін білдірді.

Б. Аманбаев Ақтөбе әуежайының реконструкциялау 2004 жыл басталғанын еске сала кетті. Бағдарламаның бірінші кезеңінде республикалық бюджет есебінен (3,1 млрд-тан астам теңге) ұшу-қону алаңы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының бірінші санатына сай болып қайта жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны