28.10.2018, 13:31 4004

Ақтөбеде балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді

Айта кетейік, балаларға арналған музыкалық фильм отбасылық мелодрама жанрында түсірілген. Фильмде отбасын ажырасудан аман алып қалу үшін барлық шараларды қолданатын 13 жасар Жасар атты бала туралы айтылады.

Ақтөбе. 28 қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "MediaPRO" балалар продюсерлік орталығыныӊ басшысы Жанаргүл Досова хабарлады.

Ақтөбе облысында алғаш рет жас және кәсіби актерлердіӊ қатысуымен балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді. "Жаса" фильмініӊ режиссерлары Қанат Айтбаев пен Мейрам Хабидолла. Аталмыш жобаға Икім Илішер, Гаухар Илібекқызы, Жұлдыз Елубай, Қанат Мұсағұлов секілді жас актерлер мен Роза Балғалиқызы, Кеӊес Кемелбаев, Динара Еспаева және Даурен Балапанов сияқты кәсіби актерлер қатысты.

"Бұл жоба балалар фильмдерін шығару процесін ынталандыру мақсатында шығармашылық тұлғаныӊ өзін-өзі көрсетуі мен қатар, адамгершілік, рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау сонымен қатар, өӊірдіӊ балалары мен жастарыныӊ әлеуметтік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыруына жәрдемдесу үшін іске асырылды", - дейді жобаныӊ басшысы Жанаргүл Досова.

Айта кетейік, балаларға арналған музыкалық фильм отбасылық мелодрама жанрында түсірілген. Фильмде отбасын ажырасудан аман алып қалу үшін барлық шараларды қолданатын 13 жасар Жасар атты бала туралы айтылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны