29.02.2008, 18:56 3724

Ақтөбеде саудаға салынатын 233 учаске белгіленді

Ақтөбеде саудаға салынатын 233 учаске белгіленді

Ақтөбе. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе әкімшілігі жер қатынастары және сәулет бөлімімен бірлесе отырып саудаға салынатын 233 учаскені анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі әкімшілікке сілтеме жасай отырып.

Қала әкімшілігінде хабарлағандай, бұл учаскелер Ақтөбенің "Акжар-2", "Рауан", "Заречный-3", "Юго-Запад-2", "Украинка" және "Қызылжар" секілді тұрғын үй массивтерінде орналасқан.

Икімшілік атап көрсеткендей, ел президентінің тапсырмасына сәйкес, барлық учаскелер тек ашық аукциондар арқылы бөлінетін болады. Бұған тек "Батыс" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметіне қатысты жер учаскелері ғана кірмейді.

Икімшілік хабарлағандай, сонымен бірге, қазіргі уақытта мемлекетке қайтарып алу үшін өз мақсатына пайдаланылмаған жерлерді анықтау жұмыстары басталған.

"Жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесе отырып жер учаскелерін ауыл шаруашылығына пайдаланбаған заңды және жеке тұлғаларды анықтау шараларын бастаған. Тексеру нәтижесі бойынша оларды мемлекет меншігіне, оның ішінде сот органдары арқылы да, қайтарып алу бойынша шаралар қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны