04.01.2007, 11:24 3064

Ақтөбеде тәжірибе жүзінде салынған алғашқы мансарда пәтерлер пайдалануға берілді

АҚТӨБЕ. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. Ақтөбеде көп қабатты проблемалы үйлерді реабилитациялау бағытында тәжірибе жүзінде салынған алғашқы мансарда пәтерлер пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кеңестер одағы дәуірінде 1983-жылы салынған бір көп қабатты үйде мансардалы қабат бой көтерді. Бұл үйде күрделі жөндеу мүлдем жүргізілмеген, су жоғарғы қабаттарға жетпейтін, ал ұдайы су ағатын шатырды қалпына келтіру үшін 3 млн. теңгеден кем емес қаржы қажет еді.

Құрылыс жұмыстарымен айналысқан компаниядағылардың айтуынша, құрылысшылар алтыншы қабатты тұрғызумен бірге үйде резервті электр кабелін тартып, насос орнатып, сатылардың аралығын жаңалап, подьездер мен балкондарды, лоджияларды ретке келтіріп, шатырды жөндеген. Құрылыс жұмыстары өндірістік альпинизм тәсілін қолдану арқылы бүкіл жаз бойы жүргізілген.

Мансардалы қабатқа әрбір подьезде үш пәтерден барлығы 655 шаршы метр аумақты қамтитын 12 пәтер сыйды. Ирбір шаршы метр үшін қожайындары 600 доллар төлейді. Ал Ақтөбеде екінші тұрғын үй нарығында бір шаршы метрдің орташа құны қазір 1-1,1 мың долларға тең.

"Мансарда - тұрғын үй құрылысындағы алғашқы тәжірибе. Жобаны жүзеге асыру үшін қосымша қабатты тұрғызуға тұрғындардың 75 проценті келісімін беруге және ғимараттың өзінің техникалық ахуалы сай келуге тиіс.

Компаниядағылардың хабарлауынша, келесі жылы Ақтөбедегі тағы да бес үйде мансарда қабаттар салу межеленген.

Сөйтіп Ақтөбе мансардалы қабаттардың есебінен проблемалы көп қабатты үйлерді реабилитациялау жобасы жүзеге асырыла батаған Қазақстандағы үшінші қала болды. Бұған дейін бұл шара Астана мен Қарағандыда қолға алынған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны