15.10.2010, 16:43 3465

Ақтөбенің әкімшілік сотының шешімімен ҚХР 15 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

Ақтөбенің әкімшілік сотының шешімімен ҚХР 15 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасай отырып.

Ақтөбе. 15 - қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбенің әкімшілік сотының шешімімен ҚХР 15 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасай отырып.

Облыстық соттың хабарлауынша, Қытай азаматтары Ақтөбе облысына бірнеше ай бұрын келген. Осы уақыт ішінде олар Ақтөбеде "Чжун-те" компаниясының кеңсесіне салған. Бірақ олар құжат бойынша бастық және аудармашылар болып тіркелген. Олардың Ақтөбе облысының аумағында еңбек етуіне рұхсат беретін құжаттары болмаған.

"Барлығы 31 қытайлық ұсталған. Қалған 16 шетелдікті ел аумағынан шығару туралы құжат қазір сотта жатыр. Олар да ел аумағынан аластатылатын болады",- деп атап өті облыстық соттан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны