14.09.2006, 10:28 2944

Алдағы екі -үш жылда орыстардың Қазақстаннан екінші мәрте жаппай қоныс аударуын күтуге болады - болжам

АЛМАТЫ. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today. Республикадағы орыс қоғамдық ұйымдары, алдағы екі-үш жылда орыс ұлтының Қазақстаннан жаппай қоныс аударуы мүмкіндігін тұспалдап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Лад" республикалық славян қозғалысының таратқан хабарламасында, "Алдағы екі -үш жылда орыс ұлтының Қазақстаннан жаппай қоныс аударуының екінші (және соңғы) легін күтуге болады", делінген. Құжатта : "ҚР орыс қоғамдық қозғалыстарының қолында бар ақпарат бұл тұспалды растайды", деп көрсетілген.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, "ұлтшылдықты ұстанған бюрократтардың пікірінше, Қазақстанға "дені сау, толық білімді қоғам мүшелері" , орыс тілі де, сол тілде сөйлейтін адамдар да қажет емес". "Лад" өкілдерінің пайымдауынша, "қазақ шенеуіктері осыны орыс тілді халыққа меңзеу үшін түрлі тәсіл тауып жатыр". Атап айтқанда, қала мен көше аттары өзгертілуде, мемлекетті мекемелерде, ауруханаларда және емханаларда " қажетті ақпараттардың бәрі қазақ тілінде жазылады". "Орыс ұлты көп шоғырланған солтүстік облыстарда іс қағаздарын тек мемлекеттік қазақ тілінде жүргізу тәртібі енгізілуде".

Сонымен қатар, түрлі қоғамдық ұйым өкілдері қол қойған мәлімдемеде, Алматы облысы Түрген ауылындағы жалғыз орыс мектебін жергілікті басшылар жауып тастауды көздеп отырғаны айтылған.

Славян қозғалысының мүшелері мұндай әрекеттер, "орыс тілді халықты қоғамнан шеттету" үшін жасалып отыр , деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны