24.02.2015, 17:55 4252

Алдын ала мәліметтер бойынша Шымкентте 15 жасар қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болған

Оӊтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыздыӊ қайтыс болу себептерін зерттеудіӊ алдын ала нәтижелері оған қызылшаға қарсы жасалған екпеге байланысты емес менингококк инфекциясы себеп болғанын көрсетті

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыздыӊ қайтыс болу себептерін зерттеудіӊ алдын ала нәтижелері оған қызылшаға қарсы жасалған екпеге байланысты емес менингококк инфекциясы себеп болғанын көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 18 ақпанында 1999 жылы туылған қызға Шымкент қаласындағы № 109 орта мектепте қызылшаға қарсы екпе жасалған.

22 ақпанда жасөспірім орташа ауыр жағдайда №1 қалалық аурухананыӊ инфекциялық бөлімшесіне жатқызылған.

23 ақпанда науқастыӊ жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды. Жансақтау шаралары жасалғанымен, нәтиже бермеген.

Осы күні ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрамына министрлік мамандары, ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ, ҚР ДСЭДМ штаттан тыс аллерголог-иммунолог маманы кірген жұмыс комиссиясын шымкентке жіберді.

Мәйітті ашу және сот-медициналық сараптама нәтижесінде "Менингококк инфекциясы. Менингококцемия. Менингококк менингиті" алдын ала диагнозы қойылды.

Барлық материалдар бактериологиялық және гистологиялық зерттеулер өткізуге жіберілді.

Қазақстанда жыл сайын 120-ға жуық менингококковой инфекциясы оқиғалары тіркеліп, 10-15% жағдайда өлім-жітіммен аяқталады. Және сырқаттанушылық пен өлім-жітімніӊ 70% астамын балалар құрайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны