18.06.2015, 15:49 4178

Алыс және жақын шетелдерден келген жетекші мамандар қазақстандық дәрігерлерге онкогематология бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Украина, Германия және Венгрияныӊ жетекші ғалымдары, дәрігерлері және денсаулық сақтау саласыныӊ ұйымдастырушылары қатысуда.

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен "Қазақстанныӊ педиатрлар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "Онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеу, оӊалту және әлеуметтік қолдаудыӊ заманауи технологиялары" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Украина, Германия және Венгрияныӊ жетекші ғалымдары, дәрігерлері және денсаулық сақтау саласыныӊ ұйымдастырушылары қатысуда.

Конференция барысында балалар жасындағы онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін ауруларды ерте диагностикалау, емдеу және оӊалтудыӊ өзекті мәселелері талқыланып, сондай-ақ, Еуропадан келген жетекші ғлымдардыӊ қатысуымен онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін аурулар мәселелері жөнінде шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, 19 маусымда Германия, Ресей, Беларусь және Венгрияныӊ ата-аналар қоғамдарыныӊ, Қазақстанныӊ үкіметтік емес ұйымдарыныӊ және онкологиялық, гематологиялық және орфанды ауруларға шалдыққан балалардыӊ ата-аналарыныӊ қатысуымен дөӊгелек үстел мәжілісі өткізіледі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 20 жыл бұрын жоғары дозалық полихимиотерапия әдісі енгізілгеннен кейін өткір және созылмалы лейкоз, апластикалық қаназдық, гистиоцитоз және т.б. күрделі ауруларды емдеуде оӊ нәтижелерге қол жеткізіліп, әлемдік көрсеткіштерге жақындады. Неміс мамандарымен бірлесе атқарылған жұмыстыӊ нәтижесінде Қазақстанға арнап еуропалық бағдарламалар негізінде балалар арасындағы онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудіӊ заманауи клиникалық хаттамалары әзірленіп, бейімделді. Жыл сайын шетелдік мамандардыӊ қатысуымен түрлі аурулар бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған шеберлік сабақтары өткізіледі.

Қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражаты есебінен сирек кездесетін, тұқым қуалайтын аурулары анықталған балаларды ферментті-алмастырушы терапиямен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деӊгейінен республикалық мекемелерге дейін орфанды ауоруларды диагносткалау мен емдеу алгоритмдері жасалды.

2012 жылдан бері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында гемопоэтикалық діӊ жасушаларын транспланттауға арналған балалар бөлімі жұмыс істеуде. Осы инновацияны енгізу нәтижесінде науқастардыӊ кейбір санаттарын шетелдерге емдеуге жіберу қажеттігі жойылды.

Онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін жан-жақты психологиялық-әлеуметтік қолдау қажет. Бұл бағытта ата-аналармен, науқастармен, сондай-ақ, медициналық қызметкрелермен тренингтер өткізілуде. Қазір химиотерапияныӊ алғашқы курсынан бастап ата-аналар балаларымен бірге республикалық санаторий типті "Бурабай" және "Алатау" оӊалту орталықтарында кешенді оӊалту шараларынан өте алады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны