06.01.2012, 15:02 3466

"Алма-Ата инфо" газетінің редакторы бостандыққа шықты

Қызмет бабындағы құпияны жария еткендігі үшін Тараз колониясында жазасын өтеген "Алма-Ата инфо" газетінің редакторы Рамазан Есергепов жұма күні бостандыққа шықты.

Алматы. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - "Алма-Ата инфо" газетінің редакторы бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИнтерфаксҚазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қызмет бабындағы құпияны жария еткендігі үшін Тараз колониясында жазасын өтеген "Алма-Ата инфо" газетінің редакторы Рамазан Есергепов жұма күні бостандыққа шықты.

"Таңертеңгі сағат тоғызда оны босатты, ол мерзімін толығымен өтеп шықты", деді жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" Р.Есергеповтың жұбайы Раушан.

Оның айтуынша, жолдасы қазір қаланы аралап келейін деп кеткен көрінеді, жағдайы жаман емес.

"Журналистік қызметпен екі жыл бойы айналыса алмайды, кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салынған. Изірге немен айналысатындығын білмейміз, Алматыға көшуді ойластырудамыз", деді ол.

Р.Есергеповке қатысты қозғалған қылмыстық іс кезінде қоғамда бірқатар әңгіме туғызған болатын. Р.Есергеповты республикалық ұйымдармен қатар бірнеше халықаралық ұйымдар да қолдап қорғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны