14.08.2018, 23:23 6132

Алматы Абай Құнанбаевтыӊ туған күнін тойлады

Ұлы ақын әрі әдебиетшініӊ туған күнін тойлау үшін жұртшылық Абай атындағы опера және балет театрыныӊ алдында жиналды. Қоғам қайраткерлері, ақындар, әртістер мен оқушылар Абайдыӊ сүйікті шығармаларын оқыды. Айта кету керек, мұндай оқулар Алматыда жыл сайын дәртүрлі түрде өткізіледі.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы Абай Құнанбаевтыӊ туған күнін тойлады. Биыл ақын 173 жасқа толып отыр.

Ұлы ақын әрі әдебиетшініӊ туған күнін тойлау үшін жұртшылық Абай атындағы опера және балет театрыныӊ алдында жиналды. Қоғам қайраткерлері, ақындар, әртістер мен оқушылар Абайдыӊ сүйікті шығармаларын оқыды. Айта кету керек, мұндай оқулар Алматыда жыл сайын дәртүрлі түрде өткізіледі.

"Абай Құнанбаевты жадымызда тұту шарасына танымал қазақ ақындары мен жазушылары келді. Олардыӊ арасында Бауыржан Жақып пен Рафаэль Ниязбеков бар. Ал қазақ әдебиетіне қосқан Абайдыӊ үлесі өлшеусіз", - деді Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасыныӊ бөлім бастығы Бақыт Қалымбет.

Қазақтыӊ бас ақыны Абай Құнанбайұлыныӊ от тілді, орақ ауызды өлеӊдері, қара сөздері, ғибратты әӊгімелері мәӊгі халық жүрегінде. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетініӊ, қазақ әдеби тілініӊ негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаӊартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқыныӊ әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарыныӊ еӊбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған "Қара сөздері" - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереӊдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны