12.04.2018, 22:30 7865

Алматы әкімі "Атакент" ҚІСО жерін қаланыӊ коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды

"Кезінде "Атакент" айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оныӊ бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде берген болатын, алайда, көріп отырғанымыздай соӊғы жылдары ештеӊе атқарылмаған", - деді Бауыржан Байбек

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Атакент" Қазақстанныӊ іскерлік серіктестік орталығы мен оныӊ айналасын аралап көрді. Мегаполис басшысы басқарушы компанияныӊ аймақты дамыту жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тиісті басқармаларға жалға беру келісімін бұзу және жерді қаланыӊ коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселе көтеруді тапсырды.

"Кезінде "Атакент" айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оныӊ бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде берген болатын, алайда, көріп отырғанымыздай соӊғы жылдары ештеӊе атқарылмаған", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальт төселген жерлерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар, урналар т.б. қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және "Атакент" ҚІСО аумағына көліктіӊ кіруіне тыйым салынады.

Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Иуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны